Accessibility links

Матаевтың денсаулығына байланысты сот кейінге шегерілді


Есіл ауданды №2 сотында қан қысымын тексеріп отырған Сейітқазы Матаев.
Есіл ауданды №2 сотында қан қысымын тексеріп отырған Сейітқазы Матаев.

Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың ісіне қатысты сот ертеңге қалдырылды. Астанадағы Есіл аудандық №2 сотының судьясы Ақболат Құрмантаев Сейітқазы Матаевтың қан қысымының көтерілуіне байланысты сотты тоқтатып, оған ауруханаға баруға рұқсат берген. Бұл туралы ҚазТАГ ақпарат агенттігі хабарлады.

14 қыркүйекте Сейітқазы Матаев пен оның ұлы, ҚазТАҚ ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаев сотта жауап беруден бас тартқан.

23, 29 тамыз және 5 қыркүйекте Сейітқазы Матаевтың қан қысымы жоғарылап, сот залынан жедел жәрдеммен алып кеткен.

Биыл 22 ақпанда «мемлекет қаржысын жымқырған» және «салықтан жалтарған» деген күдікпен ұсталған Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев 24 ақпанда үйқамаққа алынған. 28 наурызда оның ұлы, ҚазТАГ ақпарат агенттігі бас директоры Әсет Матаев та үйқамаққа алынды. Әкелі-балалы Матаевтар өздеріне тағылған айыптарды жоққа шығарып, «келген зиян» туралы айыптау толыққанды аудиторлық тексеру жүргізілместен тағылғанын айтады. Мамыр айында Сейітқазы Матаевтың адвокаттары оған тағылған айып "қызмет өкілетін пайдаланып өзіне артылған сенімді теріс мақсатқа пайдаланды" деген ауыр бапқа өзгергенін хабарлаған. Әсет Матаевқа қатысты айып та осыған ұқсас өзгертілген.

Матаевтардың үстінен сот процесі Астанада 23 тамызда басталған.

XS
SM
MD
LG