Accessibility links

Атыраулық белсенді сот орындаушысынан шақырту алды


Құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева полициямен сөйлесіп тұр.

Құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева полициямен сөйлесіп тұр.

Атырауда қарсылық шарасын өткізуге өтініш берген құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева сот орындаушысына шақырту алды. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, үйіне полиция келіп, сот орындаушысының шақыртуын әкеп берген.

Атырау облыстық әділет департаментінің қызметкері Бибігүл Стамғазиева Азаттыққа Нұрғазиеваның бүгін сот орындаушысына шақыртылғанын растады. Ол Нұрғазиеваны сот орындаушысына шақырту "сот шешіміне сай жасалғанын" ғана айтты.

Қоғамдық белсендінің пайымдауынша, бұл шақыртуға оның әкімшілік айыппұлдары себеп болуы мүмкін. Нұрғазиева өзіне салынған айыппұлдардың негізсіз екенін, айыппұл сомасын шетелге шығарда әуежайда білгенін айтады.

Әсел Нұртазина қыркүйектің басында қоғамдық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянды қолдау митингін өткізу үшін Атырау әкімдігінен рұқсат сұраған. Бірақ жергілікті билік оған рұқсат бермеді.

XS
SM
MD
LG