Accessibility links

Қазақстан футзал құрамасы Коста-Риканы жеңді


Футзалдан Қазақстан құрамасы
Футзалдан Қазақстан құрамасы

Футзалдан Колумбияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан Коста-Рика құрамасын 3:1 есебімен жеңді. Қазақстан құрамасы сапынан Дуглас, Павел Таку және Лео гол салды.

Бұл - Қазақстанның әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісі. Топтық кезеңнің алғашқы ойынында Қазақстан футзалшылары Аргентинадан 0:1 есебімен жеңілген. Енді топтағы соңғы ойынын 19 қыркүйекте Соломон аралына қарсы өткізеді. Әр топта үздік шыққан екі команда тікелей 1/8 финалға өтеді. Қазақстан екі ойыннан кейін үш ұпаймен өз тобында екінші орында келеді.

Колумбиядағы әлем чемпионатын 1 қазанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG