Accessibility links

Әзербайжанда референдум қарсаңында белсенділерге қысым күшейген


Тұрмеде отырған оппозициялық саясаткер Али Керимлинің ұлы Тюркель Керимли.
Тұрмеде отырған оппозициялық саясаткер Али Керимлинің ұлы Тюркель Керимли.

Әзербайжанда қоғамдық белсенділер 26 қыркүйекте өтетін референдум қарсаңында елде журналистер мен құқық қорғаушыларға қысым күшейгенін айтты. Олар Батыс елдерінен билік тарапынан жасалып жатқан қысымға шара қолдануды сұрады.

Әзербайжан президенті Илхам Алиев конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін референдум өткізуді ұсынған. Әзербайжан халқы 26 қыркүйекте президент өкілеттілігін ұзартуды және кандидаттарға қойылатын жас шектеуін алып тастауды референдум арқылы шешпек.

Т8рмеде отырған оппозициялық саясаткер Али Керимлинің ұлы Тюркель Керимли АҚШ конгресі өкілдерімен әңгімеде референдум нәтижесі қолдан жасалып, бұл елдегі қарсылық шараларына себеп болуы мүмкін екенін айтқан.

Бір жарым жылын түрмеде өткізген журналист Хадиджа Исмаилованың айтуынша, елде 138 адам саяси көқарасына байланысты түрмеде отыр.

XS
SM
MD
LG