Accessibility links

Прокуратура: 8 айда 232 педофилия оқиғасы тіркелді


Педофилияға қарсы наразы топ (Көрнекі сурет).

Педофилияға қарсы наразы топ (Көрнекі сурет).

Жыл басынан бері Қазақстанда 232 педофилия оқиғасы тіркелген. Бұл туралы Қазақстан бас прокуратурасына сілтеме жасап, "Қазақпарат" агенттігін хабарлады.

Прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің дерегінше, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 12,5 пайызға аз. 2015 жылы алғашқы сегіз айында Қазақстанда 265 педофилия оқиғасы тіркелген.

Бас прокуратура Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық оқиғалары көбейгенін атап өткен.

XS
SM
MD
LG