Accessibility links

Назарбаев Бішкекке барды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан президенті Алмасбек Атамбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан президенті Алмасбек Атамбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына келді. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Кеңесте ТМД елдерінің 2017-2019 жылдары терроризм мен экстремизмге қарсы бағдарламасының ақпараттық технологиялармен жасалатын қылмыстарды алдын алу бағдарламаларының жобасы қаралады.

Кеңесте 2020 жылы ТМД елдері аумағында біріккен халық санағын жүргізу мәселесін де талқылайды.Бішкектегі жиында қатысушы елдер ТМД аумағында 2017 жылды отбасы жылы, 2018 жылды мәдениет жылы деп жариялау туралы келісімге қол қояды.

XS
SM
MD
LG