Accessibility links

Назарбаева сенаттың қауіпсіздік комитетіне басшы болды


Дариға Назарбаева.
Дариға Назарбаева.

Астанада сенаттың пленарлық отырысында Дариға Назарбаева сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне басшы болып тағайындалды.

Осыған дейін осы комитетті басқарған Икрам Адырбеков бұл қызметтен босатылды.

Отырыста сенат төрағасының жаңа орынбасары да тағайындалды. Палата төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев орынбасарлыққа Бектас Бекназаровтың кандидатурасын ұсынып, оны депутаттар бірауыздан қолдаған. Ал бұрынғы орынбасар Асқар Бейсенбаев бұл қызметтен босатылды.

XS
SM
MD
LG