Accessibility links

Бішкектегі ТМД саммиті кешігіп басталады


Ресей президенті Владимир Путин.
Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путиннің кешігуіне байланысты Бішкектегі ТМД саммитінің басталуы екі сағатқа кейінге шегерілді. Алдын ала ақпаратқа сай Ресей делегациясы мінген ұшақ ауа райының қолайсыздығына байланысты Бішкекке белгіленген уақытынан кешігіп келеді.

Сағат төртте басталуы тиіс саммиттің уақыты кешкі алтыға шегерілді.

Әзербайжан, Армения, Белорусь, Қазақстан, Тәжікстан президенттері, Молдованың премьер-министрі, Түркменстанның вице-премьері Бішкекке келген.

Бішкектегі жиында ТМД елдерінің 2017-2019 жылдары терроризм мен экстремизмге қарсы бағдарламасының ақпараттық технологиялармен жасалатын қылмыстарды алдын алу бағдарламаларының жобасы қаралады.

XS
SM
MD
LG