Accessibility links

Петропавлда «алауыздық тудырған» азамат сотталып жатыр


Айыпталушы Игорь Чуприна сотта отыр. Петропавл, 16 қыркүйек 2016 жыл.
Айыпталушы Игорь Чуприна сотта отыр. Петропавл, 16 қыркүйек 2016 жыл.

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық сотында «ұлтаралық және дінаралық араздық туғызды, сепаратистік әрекет жасады» деп айыпталған Игорь Чупринаға қатысты кезекті сот отырысы өтті.

Игорь Чупринаға қылмыстық кодекстің 174 және 180-бабы бойынша айып тағылған. Ол «В контакте» әлеуметтік желісінде 2014 жылдың 1 қыркүйегі мен 2015 жылдың 20 мамыры аралығында ұлтаралық араздық туғызатын жазбалар жазған» делінеді

Сотта куәгер ретінде сұралған азаматтар «Игорь Чупринаның әлеуметтік желідегі жазбалары Қазақстан азаматының намысына тиді, еліміздегі ұлттар арасындағы татулықты бұзуға насихаттады» деген. Сотқа дейінгі тергеу 2016 жылдың 20 қаңтарында басталған.

XS
SM
MD
LG