Accessibility links

Украина ТМД төрағалығын Ресейге беруге қарсылық білдірді


Бішкектегі ТМД саммиті. 16 қыркүйек 2016 жыл.
Бішкектегі ТМД саммиті. 16 қыркүйек 2016 жыл.

Алдағы жылғы қаңтардың 1-інен ТМД төрағалығы Ресейге өтеді. Бұл туралы жұма күні Бішкекте ТМД елдері басшыларының отырысында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев мәлімдеді.

Украинаның Қырғызстандағы елшісі Николай Дорошенко Украинаның бір бөлігін аннексиялап, елдің шығысындағы қарулы жанжалға дем беріп отырғаны себепті Ресейдің ТМД-ға төрағалық етуін Киев қош көрмейді деп мәлімдеді.

Дорошенко сонымен бірге 2020 жылы ТМД елдерінде халық санағын өткізуді Украинаның құптайтынын айтты. Бірақ, егер Ресей аннексиялап алған территорияда халық санағын жүргізетін болса, Украина оның нәтижесін мойындамайды деп ескертті ол.

Бұған жауабында Ресей президенті Владимир Путин Ресей Украинаның жерін аннексиялаған жоқ деп мәлімдеді. «Қырым Ресейге түбек тұрғындарының ерік-жігері нәтижесінде қосылған» деді ол.

Сонымен бірге Путин Украина ТМД жарғысына қол қоймағаны және заң жүзінде бекітпегендіктен «[Украина] бұл құрылымның жұмысын ұйымдастыруға қатысты ұсыныс енгізе алады деуге келмес» деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG