Accessibility links

ЕҚЫҰ: Донбаста жанжал аймағынан әкетілмеген ауыр қару-жарақ көп


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Донбастағы жанжал аймағында әлі әкетілмеген ауыр қару-жарақ көп деп мәлімдеді жұма күні Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) бақылаушылар миссиясы басшысының орынбасары Александр Хуг.

Әңгіме Минск келісіміне сәйкес жанжал аймағынан әкетілуі тиіс болған артиллериялық қондырғылар, минометтер мен реактивті қару жүйесі туралы болып отыр. Хугтің сөзінше, украиналық әскерилер мен сепаратистер позицияларының арақашықтығын алшақтатқан жөн. Донбаста атысты тоқтату туралы кезекті режим қыркүйектің 1-інен күшіне енген, бірақ жанжалға қатысушы тараптар оқ атпау режимін бұзды деп бір-бірін бірнеше рет айыптаған.

Донбастағы жанжал 2014 жылы көктемде, Ресей Украинаның Қырым түбегін аннексиялап алған соң басталған. Киев пен батыс мемлекеттері Ресейді Шығыс Украинадағы сепаратистерге қару беріп қолдау көрсетіп отыр деп айыптайды. Кремль ондай айыптауларды жоққа шығарды.

БҰҰ мәліметі бойынша, Донбаста қарулы жанжал басталғалы бері 9600-ден аса адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG