Accessibility links

Ресейде сайлау алдындағы тыныштық орнады


Ресей Мемлекеттік думасы. Мәскеу, 15 қыркүйек 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)
Ресей Мемлекеттік думасы. Мәскеу, 15 қыркүйек 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Ресейде парламент пен жергілікті билік сайлауына қатысатын кандидаттардың үгіт-насихат науқаны аяқталып, дауыс беру күні алдындағы тыныштық орнады. Қолданыстағы заңға сәйкес, бүгіннен бастап үгіт-насихаттың кез-келген түріне, соның ішінде партиялық акциялар мен митинглілер өткізуге, үнпарақтар таратып, баспасөз құралдарында саяси жарнамалар жариялауға тыйым салынады.

Ресейлік «Левада-центр» қоғамдық пікірді зерттеу орталығының мәліметі бойынша, ел азаматтарының жартысынан астамы бұл сайлауға селқостық танытса, үштен біріне жуығы алдағы дауыс беру жайлы ештеңе білмейді. Сайлаушылар құқығын қорғайтын «Голос» қозғалысы биылғы сайлау науқанын «ең енжар» деп атаған.

Ресей азаматтары қыркүйектің 18-і күні жергілікті муниципалитеттерден бастап федералдық деңгейдегі мемлекеттік думаға дейін билік органдарын сайлауға дауыс бермек. Мемлекеттік дума депутаттарының тең жартысы Ресей субъектілері аумағында құрылған бір мандатты сайлау округтерінен сайланады. Бұған дейін соңғы тоғыз жыл бойы мемлекеттік дума сайлауына дауыс беру тек партиялық тізім бойынша өткізіліп келген.

XS
SM
MD
LG