Accessibility links

Мәскеу соты Сечиннің үйі жайлы жазған «Ведомости» газеті тиражын жоюға үкім етті


«Роснефть» мұнай компаниясы басшысы Игорь Сечин.

«Роснефть» мұнай компаниясы басшысы Игорь Сечин.

Мәскеу соты «Ведомости» басылымын «Роснефть» мұнай компаниясының басшысы Игорь Сечиннің Мәскеу түбіндегі үйі туралы мақаланы сайттан алып тастауға және осы мақала басылған газет тиражының қалған бөлігін толығымен жоюға міндеттеді. Бұл туралы жұма күні РБК хабарлады.

Сотқа талап арыз жазуға негіз болған мақалада Игорь Сечин Мәскеу маңындағы элиталық ауданда құны 110 миллион доллар тұратын жер теліміне үй салып жатыр делінген. Сот басылым жариялаған ақпаратты жеке адамның және отбасы құпиялығы құқығын бұзу деп бағалаған. Газет өкілдері мақаладағы ақпараттың барлығы ашық дерек көздерінен алынғанын айтады.

Игорь Сечин бұған дейін де оның жеке меншігі жайлы жазған газетпен соттасқан. Тамыздың 18-і күні ол «Сечиннің элиталық яхтасы бар» деген ақпарат жариялаған «Новая газета» басылымының тиражын жоюды талап еткен. Кейін «Роснефть» басшысы арызынан газет тиражын жою туралы талапты алып тастаған.

XS
SM
MD
LG