Accessibility links

ЕО елдері жетекшілері терроризммен күрес жоспарын әзірлеуге келісті


Германия канцлері Ангела Меркель журналистерге сұхбат беріп тұр. Братислава, 16 қыркүйек 2016 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркель журналистерге сұхбат беріп тұр. Братислава, 16 қыркүйек 2016 жыл.

Словакия астанасында жұма күні өткен Еуропа Одағы саммитінде одаққа мүше мемлекеттердің басшылары алдағы жарты жылда терроризм мен миграциялық дағдарысқа қарсы күрес жоспарын әзірлеуге келісті.

Германия канцлері Ангела Меркель Еуроодақ аумағында өте қиын жағдай қалыптасқанын айтып, одақ елдерін экономика мен қорғаныс салаларында тығыз ынтымақтастыққа шақырды. Франция президенті Франсуа Олланд Еуропа тұрғындары бойында тұрақтылық пен қауіпсіздік сезімін қайта орнықтыруға арналған «Братислава жол картасын» қабылдауды ұсынды.

Братислава саммитіне Еуропа Одағының 27 елінің жетекшілері қатысты. Ұлыбритания өкілдерінсіз өткендіктен ресми құжаттарда бұл шара «бейресми кездесу» деп аталды. Қандай да бір құжаттарға қол қою жоспарланбаған саммитті баспасөз құралдары «жабық есік жағдайында өткен ой-талқы» деп сипаттады.

XS
SM
MD
LG