Accessibility links

Француз сарапшылары теңізден табылған египеттік жолаушылар ұшағының сынықтарынан тротил іздерін тапқан. Француздың Le Figaro газеті тротил бөлшектерінің ұшақ сынығына қайдан жұққаны әзірше белгісіз екенін, тергеушілердің оған толығырақ зерттеу жүргізбек ниеті барын, бірақ оған Египет билігі тарапынан кедергіге кезігіп отырғаны туралы жазады.

EgyptAir әуе компаниясының А320 жолаушылар ұшағы биыл мамырдың 19-ы күні Жерорта теңізінің Египетке жақын тұсына құлаған еді. Ұшақ апатынан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің барлығы – 66 адам қаза тапқан.

Апат жайлы айтылған болжамдарда оған себеп болғандардың қатарында теракт, техникалық ақау, экипаждың қате іс-әрекеті аталған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG