Accessibility links

Путин Атамбаевты Александр Невский орденімен марапаттады


Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевқа Александр Невский орденін тапсырып тұр. Бішкек, 17 қыркүйек 2016 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевқа Александр Невский орденін тапсырып тұр. Бішкек, 17 қыркүйек 2016 жыл.

Бішкекте ТМД саммитіне қатысқан Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевты 60 жылдық мерейтойымен құттықтап, «екі елдің арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін» Александр Невский орденімен марапаттаған.

Қырғызстан президенті орден үшін алғыс айтып, Владимир Путиннен алған награданы бағалайтынын жеткізген.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алмазбек Атамбаевты мерейтойымен құттықтап жеделхат жолдаған.

Александр Невский ордені – екінші дүниежүзілік соғысы кезінен келе жатқан советтік награда. Оны совет өкіметі 1942 жылы Қызыл армияның басшы құрамын марапаттау үшін Суворов және Кутузов ордендерімен бірге тағайындаған.

XS
SM
MD
LG