Accessibility links

Байқоңырдан «Союз МС» кемесін ұшыру кейінге қалды


Байқоңырдағы ұшу алаңында тұрған ғарыш кемесі. (Көнекі сурет.)

Байқоңырдағы ұшу алаңында тұрған ғарыш кемесі. (Көнекі сурет.)

Байқоңыр ғарыш айлағынан қыркүйектің 23-інде ұшырылады деп жоспарланған ресейлік «Союз МС-02» ғарыш кемесін ұшыру кейінге қалдырылды. Бұл туралы ақпарат бүгін Ресейдің «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының ресми сайтында жарияланды.

Ақпаратта «Байқоңыр космодромында тексеру сынақтарын жүргізілгеннен кейін техникалық себептер бойынша» ғарыш кемесін ұшыру кейінге қалдырылғаны хабарланған. Бірақ оның нақты қай күнге шегерілгені айтылмаған.

Бұған дейін маусым айының соңында ресейлік «Союз МС» кемесі Байқоңырдан халықаралық ғарыш станциясына алдын ала жоспарланған күннен екі апта кешігіп ұшырылған еді.

XS
SM
MD
LG