Accessibility links

Нью-Йоркте жарылыстан бірнеше адам зардап шеккен


Полиция қызметкерлері жарылыс болған аймақты қоршап тұр. Нью-Йорк, АҚШ, 17 қыркүйек 2016 жыл.
Полиция қызметкерлері жарылыс болған аймақты қоршап тұр. Нью-Йорк, АҚШ, 17 қыркүйек 2016 жыл.

Нью-Йорктің Челси ауданында болған жарылыстан бірнеше адам зардап шеккен. Қалалық өртке қарсы күрес департаментінің хабарлауынша, жарылыс сенбі күні жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат тоғыздың шамасында болған.

Жарылыс салдарынан 25 адам зардап шеккен, бірақ олардың өміріне қауіп жоқ деп хабарлады Reuters.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, жарылғыш зат қоқыс салатын жәшікте болған. Жарылыс болған жерді полиция мен өртке қарсы қызмет өкілдері зерттеп жатыр.

Бұған дейін сенбі күні таңертең Нью-Джерси штатындағы Сисайд-Парк қаласында марафон басталар алдында жарылғыш зат іске қосылғаны хабарланған еді. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, қолдан жасалған жарлығыш зат марафон өтетін жолдың бойындағы қоқыс тастайтын пластик жәшікте болған. Жарылыстан ешкім зардап шекпеген.

XS
SM
MD
LG