Accessibility links

Қазақстанда Ресей парламенті сайлауына дауыс беріп жатыр


Петропавл қаласында мәдениет үйінде орналасқан 8130-сайлау учаскесінде Ресей мемлекеттік дума сайлауына дауыс беру өтіп жатыр. Солтүстік Қазақстан облысы. 18 қыркүйек 2016 жыл.

Петропавл қаласында мәдениет үйінде орналасқан 8130-сайлау учаскесінде Ресей мемлекеттік дума сайлауына дауыс беру өтіп жатыр. Солтүстік Қазақстан облысы. 18 қыркүйек 2016 жыл.

Қазақстанда тұратын, осында іссапармен жүрген және қыдырып келген Ресей азаматтары мемлекеттік дума сайлауына Қазақстан бойынша ашылған 18 сайлау учаскесінде бүгін таңертеңгі сағат сегізден бері дауыс беріп жатыр. Олардан бөлек, Ресей орталық сайлау комиссиясына тікелей бағыныштағы тағы бір сайлау учаскесі Байқоңырда ашылған. Бұл туралы Ресейдің Астанадағы төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бочарников айтты деп хабарлады Қазақпарат.

Дипломат Ресей Қазақстандағы азаматтарын елшілік немесе консулдық мекемелерде есепке тұруға міндеттемейтінін, Астанада ашылған 8125-сайлау учаскесінде алдын ала дайындалған тізімге 100-ден аса адам енгізілгенін айтады.

«Негізінен бұлар өзіміз білетін мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері. Заң бойынша, Ресей азаматының құжатын көрсеткен адам сайлау тізіміне енгізіліп, дауыс бере алады», - деген елші.

Қазақстандағы сайлау учаскелерінде Ресей парламенті сайлауына ресейліктердің дауыс беруі бүгін жергілікті уақытпен кешкі сағат сегізге дейін жалғасады.

Ресей орталық сайлау комиссияның мәліметі бойынша, қазіргі кезде Ресейде және шет мемлекеттерде тұрып жатқан 111 миллион 600 мың ресейлік азамат дауыс беру құқығына ие.

XS
SM
MD
LG