Accessibility links

Германия министрі босқындардың жартысынан көбі еліне қайтарылатынын айтты


Германияның экономикалық ынтымақтастық және даму министрі Герд Мюллер.

Германияның экономикалық ынтымақтастық және даму министрі Герд Мюллер.

Германияның экономикалық ынтымақтастық және даму министрі Герд Мюллер ел аумағына Сириядан келген босқындардың жартысынан астамы кері қайтарылады деп мәлімдеген. Бұл туралы бүгін немістің Welt am Sonntag басылымы хабарлады.

Министр бұрынғы Югославиядан барған босқындардың жартысынан көбі бірнеше жылдың ішінде Отанына қайта оралғанын еске салған. Германия босқындарды еліне қайтаруға 25 миллион еуро бөлген. Бұл бағдарлама Германия баспана беруден бас тартқан мигранттарды Отанына қайтаруды көздейді. Германиядан кетер алдында оларды слесарь, құрастырушы, электрик немесе тас қалаушы тәрізді мамандықтарға оқытады. Бағдарламаға жиыны 100 миллион еуро жұмсау жоспарланып отыр.

Былтыр Таяу Шығыс және Африка елдерінен барған миллионнан аса адам Германиядан баспана сұраған. Биыл жазда Германия аумағында босқындардың қатысуымен жасалған бірнеше шабуылдан кейін үкімет «ашық есік саясаты» үшін қатты сынға қалған.

XS
SM
MD
LG