Accessibility links

Киев пен Одессадағы Ресей елшілік кеңселері алдында тәртіпсіздіктер болды


Киевтегі Ресей елшілігі. 18 қыркүйек 2016 жыл.

Киевтегі Ресей елшілігі. 18 қыркүйек 2016 жыл.

Киевте Ресей елшілігі алдындағы тәртіпсіздіктер барысында бірнеше адам ғимараттың есігін бітеп тастауға, онан кейін елшілік қоршауын бұзуға әрекет жасады деп хабарлайды «112 Украина» телеарнасы.

Елшілікті 300-ге жуық полиция қоршауға алып, бір адам ұсталған. Наразылар елшілікке Ресей парламенті сайлауына дауыс беруге келетіндерді жібермеуге тырысып жатыр. Түске дейін Киевтегі сайлау учаскесінде Ресей мемлекеттік думасы сайлауына жиырмаға жуық адам дауыс берген.

Одессадағы Ресей консулдығы алдында «Правый сектор» ұйымының белсенділері полициямен қақтығысып қалған. Полиция бірнеше адамды ұстаған.

Ресей аннексиялап алған Қырым түбегінде бүгін мыңнан аса сайлау учаскесінде Ресей парламенті сайлауына дауыс беру жүріп жатыр. Қырым татарларының жетекшісі Рефат Чубаров сайлауға бойкот жариялауға шақырған.

Бұған дейін АҚШ мемлекеттік департаменті Қырым түбегінде Ресей заңы аясында өткізілген кез-келген сайлаудың нәтижесін Вашингтон мойындамайды деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG