Accessibility links

ЕҚЫҰ: Қырымдағы ресейлік сайлау учаскелеріне өкіл жіберген жоқпыз


Кремль тағайындаған Қырым прокуроры Наталья Поклонская Ресей мемлекеттік дума сайлауына дауыс беріп тұр. Симферополь, Қырым, 18 қыркүйек 2016 жыл.

Кремль тағайындаған Қырым прокуроры Наталья Поклонская Ресей мемлекеттік дума сайлауына дауыс беріп тұр. Симферополь, Қырым, 18 қыркүйек 2016 жыл.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Ресей аннексиялап алған Қырым түбегіне мемлекеттік дума сайлауына дауыс беру барысын бақылауға өкілдерін жіберген жоқ. Бұл туралы ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросы миссиясының баспасөз хатшысы мәлімдеген.

Бұған дейін Еуропа Одағы билігі Ресейде сайлау өтетін күні бүкіл ел аумағында сайлау барысын еуропалық бақылаушылар қадағалайды деп мәлімдеген. Еуропа Одағы Қырымды Украинаның бөлігі деп санайтындықтан және Ресейдің түбекті аннексиялап алуын мойындамайтындықтан Қырымда мониторинг жүргізбейтінін атап ескерткен.

Украина сыртқы істер министрлігі Қырымда Ресей парламенті сайлауына дауыс беру – заңсыз деп мәлімдеген. Киев аннексияланған аумақта сайлауға дауыс беруді ұйымдастырғандарға қарсы қылмыстық іс қозғауға дайын екенін айтқан. Сонымен бірге АҚШ та түбекте өткізілген Ресей мемлекеттік дума сайлауының нәтижесін мойындамайтынын ескерткен.

XS
SM
MD
LG