Accessibility links

Ресейдегі сайлаудың алғашқы қорытындысы шықты


Ресей президенті Владимир Путин сайлау учаскелерінің бірінде тұр.

Ресей президенті Владимир Путин сайлау учаскелерінің бірінде тұр.

Ресейде өткен мемлекеттік думаға сайлаудың 70% бюллетендерін санағаннан кейін "Единая Россия" партиясы 54% дауыспен бірінші орында келеді. Бұл нәтиже "Единая Россия" партиясының думадағы 450 орынның 300-ден астамын алуға мүмкіндік береді.

Либерал-демократиялық партиясы, Коммунистер партиясы және "Справедливая Россия" партиясы да мемлекеттік думадағы орындарын сақтап қалды.

Ресей президенті "Единая Россия" партиясының заң шығару органында ең көп орын иеленуін "халықтың сенімі" деп атады.

18 қыркүйекте Ресей азаматтары мемлекеттік дума депутаттарын сайлауға дауыс берді. Бұған дейінгі сайлаудан ерекшелігі – осы жолы парламенттегі 450 орынның тең жартысына партиялық тізім бойынша, ал қалғанына бір мандаттық сайлау округтері бойынша өткен дауыс беру нәтижесінде жеңіске жеткен кандидаттар сайланады.

XS
SM
MD
LG