Accessibility links

Қазақстан әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты


Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншылары

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншылары

Футзалдан Колумбияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан топтық кезеңдегі соңғы ойында Соломон аралдары құрамасын 10:0 есебімен жеңіп, 1/8 финалға шықты.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Аргентинадан (0:1) жеңіліп, Коста-Риканы (3:1) жеңген. Қорытындысында алты ұпай жинаған Қазақстан өз тобында Аргентинадан кейін екінші орын алып, плей-офф кезеңіне өтті.

Енді Қазақстан ширек финал жолдамасын Испаниямен сарапқа салады. Колумбиядағы әлем чемпионаты 1 қазанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG