Accessibility links

Путинцева WTA рейтинінде 38-орынға шықты


Қазақстан теннисші Юлия Путинцева.

Қазақстан теннисші Юлия Путинцева.

Халықаралық әйелдер теннисі ассоциациясының (WTA) жариялаған жаңа рейтингінде қазақстандық теннисші Юлия Путинцева 41-орыннан 38-орынға көтерілді. Ал Ярослава Шведова 43-орыннан 41-орынға шықты.

Зарина Дияс 141-орыннан 149-орынға түсті. Дияс үшін биылғы маусым аяқталды. Ол қол жарақатына байланысты оепрация жасатқан.

Рейтингте германиялық Анжелика Кербер бірінші орында, америкалық Серена Уильямс екінші орында, испаниялық Гарбине Мугуруса үшінші орында тұр.

XS
SM
MD
LG