Accessibility links

Алматыда борышкерлер наразылық шарасын ұйымдастырды


Алматыдағы борышкерлер наразылығы.

Алматыдағы борышкерлер наразылығы.

Алматыда борышкерлер банктерден ипотека туралы келісім шарттарын қайта қарауды талап етіп, наразылық шарасын ұйымдастырды. Жиырмаға жуық адам қатысып жатқан наразылық шарасы Алматыдағы Қазыбек би мен Панфилов көшесінің қилысында орналасқан АТФ банкінің ғимараты алында басталды.

Борышкерлер банктен пайыздық үстемені азайтып, насиені қайтару уақытын созуды талап етті.

"Халыққа баспананы қалдырайық" қоғамдық қорының өкілі Сұлубике Жасқылықованың айтуынша, АТФ банкімен жүргізілген келіссөз барысында банк 13 борышкердің келісім қайта қарауға келісім берген.

Борышкерлер наразылық шарасын Гоголь мен Желтоқсан көшесіндегі «БТА-Ипотека» (қазіргі Investment Astana Group) ғимаратының алдында жалғастырды.

Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасы аясында мемлекеттік бюджеттен 130 миллиард теңге бөлінген.

  • 16x9 Image

    Асылхан МАМАШҰЛЫ

    1973 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. 1994 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда пединститутын бітірген. 1997-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында оқыған. "Қазақ энциклопедиясы" баспасында (2001-2007), республикалық "Ана тілі" газетінде (2007-2009) , "ABDI-press" орталығында (2009-2010) жұмыс істеген. 2011 жылдан Азаттық радиосының тілшісі.

    Тарихи, саяси мәселелер тақырыбында жазады, белгілі тұлғалардың саяси портреттерін жасайды. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG