Accessibility links

Министр: кәсіптік-техникалық білімге 84 мың грант бөлінеді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

2017 жылы Қазақстанда тегін кәсіптік-техникалық білім беру мақсатында 84 мың грант бөлінеді. Бұл туралы Парламенті мәжілісінде өткен үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлімдеді.

Қазақпарат агенттігінің жазуынша, бұл мақсатқа екі миллард теңге мемлекеттік бюджеттен, бес миллиард теңге жергілікті бюджеттен бөлінеді.

Қазақстан президенті 2015 жылғы халыққа жолдауында елде 2017 жылдан бастап кәсіптік-техникалық білім беру тегін болатынын айтқан.

XS
SM
MD
LG