Accessibility links

Рамзан Қадыров 97% дауыс жинады


Сайлаушы Шешенстан басшысын сайлауда дауыс беріп жатыр.

Сайлаушы Шешенстан басшысын сайлауда дауыс беріп жатыр.

Ресей орталық сайлау комиссиясының алдын ала жариялаған қорытындысы бойынша, Шешенстан аумағы басшысын сайлауында Рамзан Қадыров 97% дауыс жинаған.

Ал "Әділетті Ресей", коммунистер партиясы мен Өсу партиясынан түскен кандидаттар екі пайыз дауыс жинамаған. Сайлау комиссиясының дерегі бойынша, дауыс беруге құқылы халықтың 83 пайызы сайлауға қатысқан.

Қадыров Шешенстанды 2007 жылдан бері басқарып келеді. 2016 жылы ол бірнеше рет биліктен кететінін айтқан. Бірақ наурызда Путин Қадыровты Шешенстан президентінің міндетін атқарушы етіп тағайындаған.

Ал Ресей оппозициясы Қадыровтың отставкаға кетуін талап еткен. Олар Қадыровты Борис Немцовтың өліміне қатысы бар деп айыптайды. Қадыров осыған дейін бірнеше рет оппозицияны "халықтың жауы" деп айтқан.

XS
SM
MD
LG