Accessibility links

Мемлекеттік думаға алты партия өтті


Сайлаудан кейінгі дауыс санау жұмыстары.

Сайлаудан кейінгі дауыс санау жұмыстары.

Ресей орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, мемлекеттік думаға сайлауда 90 пайыз бюллетендері санағаннан кейін "Единая Россия" партиясы 54 пайыз дауыспен алда келеді. 225 сайлау округінің 203-інде осы партияның өкілдері жеңіске жеткен.

Сондай-ақ Ресей коммунистік партиясы (13,5%) , Либерал-демократиялық партиясы (13,3%), "Әділетті Ресей" партиясы (6%), "Родина" және "Азаматтық платформа" партиясы мемлекеттік думадан орын алды.

Ал оппозициялық "Яблоко" екі пайыз, ПАРНАС партиясы 0,7 пайыз дауыс жинап, думаға өте алмады. Михаил Ходорковскийдің "Ашық Ресей" қозғалысынан сайлауға түскен 19 кандидаттың бірде-бірі де думаға өтпеді. Алдын-ала дерек бойынша, сайлауға 50 пайыз халық қатысқан.

XS
SM
MD
LG