Accessibility links

"Война" арт-тобының белсенділері ұсталды


Наталья Сокол.

Наталья Сокол.

Прагада (Чехия) 18 қыркүйекте ресейлік "Война" арт-тобының мүшелері Олег Воротников пен оның әйелі Наталья Сокол ұсталды. Бұл туралы Азаттықтың орыс қызметі хабарлады.

Дерек бойынша, Воротниковты ұстау кезінде соққыға жығылған. Воротников пен Соколды ұстау кезінде полиция олардың кіші қыздарын алып кеткен. "Война" тобының белдесенділерін не үшін ұстағаны туралы ақпарат жоқ.

Воротников пен Сокол Ресейдегі бірнеше саяси қарсылық шараларға қатысқан. Ресейде 2011 жылы Воротников пен Соколға іздеу жарияланған кезде олар Еуропа кетіп қалған.

XS
SM
MD
LG