Accessibility links

Айман Омарова Слекишинаға қайта адвокат болды


Адвокат Айман Омарова.

Адвокат Айман Омарова.

"Түрмеде зорланды" делінген жазасын өтеуші Наталья Слекишина өз адвокаты Айман Омаровадан «қысым жасалғаннан кейін, бас тартуға мәжбүр» болғанын айтты. Бұл туралы Азаттыққа адвокат Айман Омарова хабарлады.

Адвокаттың сөзінше, бүгін, қыркүйектің 19-ы күні тергеу изоляторында отырған Наталья Слекишинамен кездескен. Кездесуде Алматы қалалық прокуратурасының үш прокуроры болған.

- Прокурорлар Слекишианның камерасына видекамера орнатып, тергеу изоляторы қызметкерлерінен өзге прокуратурада күні-түні бақылау жасайтын болды. Слекишина, кездесуде, бізге адвокаттан мәжбүрлі түрде бас тартқанынын айтты. Оның бостандықта кәмілетке толмаған екі бірдей баласы бар, сол балаларымен қорқытып, ісіне қатысты басында айтқандарынан бас тартуға мәжбүрлеген, - деді адвокат.

Айман Омарова, бұл жағымды өзгерістер өзінің өткен аптада қала прокуроры Берік Асыловпен кездескенінен кейін болғанын айтады.

- Менің білуімше қазір прокуратура, істе айыптау хаттамасын өзгерту үшін соттан сұрау салған. Ол қалай өзгеретіні белгісіз. Ертең кезкеті сот процессі. Бірақ заң бойынша, айыптау актісі өзгергеннен кейін екі жақ онымен танысу үшін уақыт алады. Яғни, ертең процесс болмауы мүмкін, - дейді Айман Омарова.

Омарованың сөзінше, қазір ол Слекишинаның қайта қорғауға кіріскен. Наталья Слекишина 2015 жылы Алматыдағы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/18 түрмесінде қамауда отырғанда өзін бір топ адам зорлады деп мәлімдеген. Слекишина бұдан соң жүкті болып, қыз туғанын айтқан. Сараптама нәтижесінде дүниеге келген сәбидің әкесі осы түрме қызметкерлерінің бірі екені анықталған. Күдікті ретінде түрменің төрт қызметкері тергелген. Бұл іс бойынша түрме қызметкері, 37 жастағы Руслан Хакимов сотталып жатыр. Руслан Хакимовке "кісі зорлады", "қызметтік өкілетін асыра пайдаланды" деген айыптар тағылған. Сот тамыздың 11-інде басталып, Алматының Түрксіб аудандық сотында жабық түрде өтіп жатыр.

  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG