Accessibility links

Қазақстанда жаңа Нұркент қаласы салынады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нұркент қаласының макетін көріп тұр. Талдықорған. 19 қыркүйек 2016 жыл (Сурет Ақорда сайтынан алынды).
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нұркент қаласының макетін көріп тұр. Талдықорған. 19 қыркүйек 2016 жыл (Сурет Ақорда сайтынан алынды).

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысына сапары барысында жаңа Нұркент қаласының дамуының бас жоспарымен танысты, Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланған.

Нұркент қаласы "Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағының құрамына кіреді. Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, болашақта бұл қалада 100 мыңнан аса адам тұрып, ауданы 300 гектардан асады. Арнайы экономикалық аймақтың құрылысы 2020 жылы аяқталады.

Назарбаев Талдықорған қаласына сапары барысында дамуының бас жоспарымен, сондай-ақ Жаркент-Қорғас агломерациясының қала құрылысы тұрғысынан дамуының кешенді жобасымен танысты.

XS
SM
MD
LG