Accessibility links

ОҚО-да жол апатынан 6 адам мерт болды


Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы.
Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы.

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауылының маңында болған жол апатынан алты адам мерт болды. Қаза тапқандардың бірі - үш жастағы бала. Қазір ауруханада 15 адам жатыр.

Облыстың ішкі істер департаментінің хабарлауынша, жол қозғалысы кезінде шағын автобус пен жеңіл көлік соқтығысқан. Шағын автобус жүргізушісі қарсы бетке шығып кеткен. Екі көліктің жүргізушісі де оқиға орнында мерт болған.

Қазір оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары басталды.

XS
SM
MD
LG