Accessibility links

Қазақстан волейболшылары Азия кубогының финалына шықты


Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасының ойыншылары (Сурет Қазақстан волейбол федерациясының ресми сайтынан алынды).
Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасының ойыншылары (Сурет Қазақстан волейбол федерациясының ресми сайтынан алынды).

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Вьетнамда өтіп жатқан Азия кубогының финалына шықты.

Қазақстан құрамасы жартылай финалда Жапония құрамасын 3:1 есебімен жеңді. Ал ширек финалда Вьетнам құрамасын 3:0 есебімен басым түскен.

20 қыркүйекте Ханойда өтетін финалда Қазақстан құрамасы Қытаймен кездеседі. Қытай құрамасы жартылай финалда Таиландты 3:2 есебімен жеңген.

Волейболдан Азия кубогы 2008 жылдан бері өтіп келе жатыр. Екі жылда бір рет ұйымдастырылады. Қазақстан құрамасы бұл жарыста 2012 және 2014 жылдары қола медаль алған.

XS
SM
MD
LG