Accessibility links

Пхеньян ракеткалық құрылғыны сынақтан өткізді


Ядролық қаруды сынақтан өткізуге орай Пхеньянда ұйымдастырылған шара.
Ядролық қаруды сынақтан өткізуге орай Пхеньянда ұйымдастырылған шара.

Солтүстік Корея спутник ұшыруға дайындық ретінде жаңа ракеталық құрылғысын сынақтан өткізді. Сынақ туралы жергілікті KCNA ақпарат агенттігі хабарлады. Агенттіктің жазуынша, Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын спутник ұшыру дайындығын жылдам аяқтауды тапсырған.

Солтүстік Корея 9 қыркүйекте бесінші рет ядролық қаруын сынақтан өткізген. Сол күні БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Пхеньянға қосымша санкциялар салу жайын кеңесуге келіскен. Солтүстік Корея ядролық қаруын алғаш рет сынаған 2006 жылдан бері бұл елге бес рет санкция салынған.

Кеше АҚШ Солтүстік Кореяға біржақты санкция салуға дайын екенін мәлімдеді. Пхеньян өзіне қарсы наразы пікірлерді елемейтінін айтқан.

XS
SM
MD
LG