Accessibility links

Украинаның шекара қызметі Ресей арнайы қызметіне ақпарат жинауы мүмкін деген күдікпен Өзбекстан азаматының ұсталғанын хабарлады.

Украиналық басылымдардың жазуынша, 25 жастағы Өзбекстан азаматы Харьков облысындағы «Плетеневка» тексеру бекетінде ұсталған. Күдіктіден аудио жазу құрылғылары мен видеокамера табылды. Өзбекстан азаматы бұл құрылғыларды Ресей миграция қызметінен алғанын айтқан.

Күдікті Украина қауіпсіздік қызметіне берілген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG