Accessibility links

ЕО Қырымдағы сайлау нәтижелерін мойындамайды


Федерики Могерини (оң жақта) мен Украина президенті Петр Порошенко.

Федерики Могерини (оң жақта) мен Украина президенті Петр Порошенко.

Еуропа одағы Ресей аннексиялап алған Қырымда өткен мемлекеттік дума сайлауының нәтижесін мойындамайды. Бұл туралы Еуропа дипломатиялық өкілдігінің басшысы Федерики Могерини мәлімдеді.

Бұған дейін АҚШ мемлекеттік департаменті де Қырымдағы сайлау нәтижесін жоққа шығаратынын хабарлаған. Украина да Қырымда Ресей мемлекеттік думасына сайлаудың өткенін сынаған. Ал Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Қырымға өз бақылаушыларын жіберуден бас тартты.

Ресей 2014 жылы Қырымды аннексиялап алған. Бірақ Украина мен халықаралық ұйымдар Қырымның Ресейге қосылуын мойындаған жоқ.

XS
SM
MD
LG