Accessibility links

Нью-Йорктегі жарылыс: күдіктіге айып тағылды


Ахмад Хан Рахами.
Ахмад Хан Рахами.

28 жастағы ұлты ауған АҚШ азаматы Ахмад Хан Рахамиге тәртіп сақшысын өлтіруге әрекет жасады деген айып тағылды.Ол 17 қыркүйекте Нью-Йорк пен Нью-Джерсидегі жарылыс ұйымдастырушысы ретінде күдікке ілініп отыр.

Рахами 19 қыркүйекте Нью-Джерси штатындағы Линден қаласындағы барлардың маңында ұсталды. Жергілікті жердегі бар қожайыны Рахамиді бардың кіреберісінде көргенін айтып, тәртіп сақшыларына хабарлаған. Оның ұстау кезінде полиция мен Рахами арасында атыс болып, екі полиция және күдіктің өзі жеңіл жарақат алған.

Видеожазбада Рахами жарылыс болған жерге жақын 23-көшеде үлкен сөмкемен жүргені түсіп қалған. Тергеу кезінде жарылғыш заттардың бірінен оның саусақ іздері табылған.

Соңғы 5 жыл ішінде Рахами көп уақытын Ауғанстан мен Пәкістанда өткізгені анықталды. АҚШ-қа оралған сайын оны жергілікті полиция тексеріп отырған.

17 қыркүйекте Нью-Йоркта болған жарылыс нәтижесінде 29 адам жарақат алып,ауруханаға жеткізілді. Бүгін Нью-Йоркте басталған БҰҰ Бас Ассамблеясының кезекті сессиясында қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

XS
SM
MD
LG