Accessibility links

Атамбаев қысқа еңбек демалысына шықты


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың жағдайы бір қалыпты. Бұл туралы президент әкімшілігі хабарлады.

Президент әкімшілігінің жетекшісі Фарида Ниязованың айтуынша, бүгін ол Атамбаевпен телефон арқылы сөйлескен. Президент 20 қыркүйектен бастап медициналық тексеруден өтуіне байланысты аз уақыт демалыс алатындағын айтқан.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев жүрек сырқатына байланысты Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-сессиясына қатыспайтыны хабарланған. Атамбаев мінген ұшақ Стамбулдағы Ататүрік әуежайында қонғанда ол өзін жайсыз сезініп, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілген еді.

Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясына Қырғызстан делегациясын сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаев бастап барады.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG