Accessibility links

"Жалған бомба туралы хабарлаған" Астана тұрғыны сотталды


Астанадағы аудандық сот ғимараты (Көрнекі сурет).

Астанадағы аудандық сот ғимараты (Көрнекі сурет).

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының шешімімен қала тұрғынын бір жарым жылға соттады.

Астана қаласы сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2016 жылдың 30 мамырында айыпталушы мас күйінде 112 нөміріне хабарласып, Астана қаласы Алматы аудандық Ішкі істер департаментінің ғимаратына жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарлаған. Кейін полицияның тексерісінен кейін бұл ақпарат жалған болып шықты.

Өткен айда теракт туралы жалған ақпарат бергені үшін Ақтөбе тұрғыны үш жылға бас бостандығынан айырылған. Ол да полицияға қоңырау шалған кезде мас болған.

XS
SM
MD
LG