Accessibility links

Прокуратура Слекишинаның шағымына байланысты тексеру бастады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан бас прокуратурасы жазасын өтеуші Наталья Слекишинаның "түрмеде қысым жасалды" деген шағымына қатысты тексеру жұмыстарын бастады.

Бас прокуратура таратқан мәліметте Слекишина мен оның адвокаты Айман Омарова Алматы қаласы прокуроры Берік Асыловтың қабылдауында болған. Қазір Слекишинаның шағымы қатысты тексеру жұмыстарын Алматы қалалық прокуратурасының бақылауына алған.

Прокуратураның мәлімдеуінше, Слекишина отырған камераға арнайы күзет қойылған.

Наталья Слекишина 2015 жылы Алматыдағы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/18 түрмесінде қамауда отырғанда өзін бір топ адам зорлады деп мәлімдеген. Слекишина бұдан соң жүкті болып, қыз туғанын айтқан. Сараптама нәтижесінде дүниеге келген сәбидің әкесі осы түрме қызметкерлерінің бірі екені анықталған. Күдікті ретінде түрменің төрт қызметкері тергелген.

Бұл іс бойынша түрме қызметкері, 37 жастағы Руслан Хакимов сотталып жатыр. Руслан Хакимовке "кісі зорлады", "қызметтік өкілетін асыра пайдаланды" деген айыптар тағылған. Сот тамыздың 11-інде басталып, Алматының Түрксіб аудандық сотында жабық түрде өтіп жатыр.

XS
SM
MD
LG