Accessibility links

Депутаттардың этикасын қадағалайтын кеңес құрылды


Астанадағы парламент жиыны.

Астанадағы парламент жиыны.

Қазақстан парламентінің мәжілісінде этиканың бұзылуын қадағалайтын депутаттық этика жөніндегі кеңес құрылады Бұл туралы бүгін Астанада пленарлық отырыста палата төрағасы Нұрлан Нығматулин хабарлады.

Кеңес орталық сайлау комиссиясымен бірге депутаттық этиканы бұзған депутаттарға шара қолданумен айналысады. Ақпарат агенттіктерінің жазуынша, кеңес құрамына барлық саяси партияның өкілдері және Қазақстан халқы ассамблеясының депутаттар тобы енді.

Депутаттар кеңесін Қуаныш Сұлтанов басқарады. Құрамына Сауытбек Әбдрахманов, Құралай Қаракен, Евгений Козлов, Екатерина Никитинская, Шавхат Өтемісов, Тұрғын Сыздықов енген.

XS
SM
MD
LG