Accessibility links

БАҚ: Солтүстік Кореяда 28 ғана сайт болуы мүмкін


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Солтүстік Кореядағы интернет сайттарының саны 28 ғана болу мүмкін. Бұл туралы GitHub порталының қауіпсіздік жөніндегі инжерені Мэтт Брайан мәлімдеді. Ол интернеттегі қателік кезінде kr доменіне тіркелген тек 28 доменді көргенін айтты.

Брайанның айтуынша, бұл домендердің көбі мемлекеттік органдарға тиесілі және "Нодон синмун" газетінің сайты мен Air Koryo әуе компаниясының сайты көрсетілген.

Әлемдегі көптеген елдердің интернет қолданушылары 2010 жылдан бері Солтүстік Кореядағы интернет порталдарға кіре алмай келеді. Ал Солтүстік Кореяның өзінде интернетке тек бірнеше ресми ұйымдар ғана кіре алады.

XS
SM
MD
LG