Accessibility links

Қазақстан футзалшылары Испания құрамасынан жеңілді


Футзалдан Қазақстан құрамасы (сары формада).
Футзалдан Қазақстан құрамасы (сары формада).

Футзалдан Колумбияда өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында Қазақстан құрамасы Испаниядан 2:5 есебімен жеңілді. Матч Астана уақыты бойынша 22 қыркүйекте таңға жуық өткен.

Осы жеңілістен кейін бразилиялық маман Какау жаттықтыратын Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын аяқтады. Ал Испания ширек финалда Ресеймен кездеседі.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Аргентинадан 0:1 есебімен жеңіліп, Коста-Рика (3:1) мен Соломон аралдарын (10:0) жеңген.

Колумбиядағы әлем чемпионаты 1 қазанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG