Accessibility links

Украина президенті Ресейді айыптады


Петр Порошенко БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 21 қыркүйек 2016 жыл.

Петр Порошенко БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 21 қыркүйек 2016 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко 21 қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясында Ресейді "Украинаның шығысындағы қақтығыстың негізгі қатысушысы және арандатушы" деп айыптады.

Порошенко "Мәскеу террорлық топтарды қаржыландырып, Украинаға қарсы гибридті соғыс ұйымдастырып жатыр" деді.

Украина президенті Сириядағы соғысты тоқтату үшін және Ресейдің Украинаға қарсы әрекеттерін тыю үшін жасап жатқан жұмыстарды "пайдасыз" деп сынады.

2014 жылғы сәуірден бері Украинаның шығысындағы қақтығыстан 9 мыңнан астам адам мерт болған.

XS
SM
MD
LG