Accessibility links

Оксфорд әлемдегі ең үздік университет деп танылды


Оксфорд университеті.
Оксфорд университеті.

Британдық Times Higher Education басылымы мен Thomson-Reuters ақпарат агенттігі бірге жасаған рейтингте Оксфорд университеті әлемдегі ең үздік оқу орны деп танылды.

Бұған дейін 13 жыл қатарынан бұл рейтингте америкалық университеттер бірінші орында болған. Бұл жолы Оксфорд бес жыл бойы осы рейтингте алғашқы орында тұрған Калифорния техникалық университетінен озды.

Үшінші орында калифорниялық Стэнфорд, төртінші орында британиялық Кембридж, одан кейінгі орындарда Массачусетс техникалық институты және Гарвард университеті тұр. Үздік ондыққа алты америкалық жоғары оқу орны енген.

Бұл тізімде Мәскеу мемлекеттік университеті 188-орын алған. Рейтингке Қазақстан университеттері енбеген.

XS
SM
MD
LG