Accessibility links

Мамин жұмыс сапарымен Ташкентке барды


Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Асқар Мамин.
Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Асқар Мамин.

Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған делегация Ташкентке барды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайтында хабарланған.

Ташкентте Асқар Мамин Өзбекстанпрезидентінің міндетін атқарушы Шавкат Мирзияевпен келіссөздер жүргізеді.

Сондай-ақ Өзбекстан бірінші вице-премьері Рустам Азимовпен, премьер-министрінің орынбасары Улугбек Розукуловпен кездеседі

Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың жай-күйін, өнеркәсіптік әріптестікті, көлік-транзиттік саладағы ынтымақтастықты талқылайды.

Мамин Ташкентке Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен барған.

XS
SM
MD
LG