Accessibility links

БҰҰ: 107 елде өлім жазасы жоқ


БҰҰ  бас хатшысы Пан Ги Мун

БҰҰ  бас хатшысы Пан Ги Мун

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Нью-Йоркте өтіп жатқан Бас Ассамблеяның сессиясында әлем елдерін өлім жазасынан бас тартуға шақырды.

"БҰҰ 2007 жылғы Бас Ассамблея сессиясында бүкіл әлемді өлім жазасынан бас тарту туралы ұсыныс айтылды. Содан бері 107 ел өлім жазасын мүлде алып тастады немесе мораторий жариялады. Бірақ 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы өлім жазасына кесілген адамдар саны көбейген. Әр адам өмір сүруге құқығы бар. Оларды өмірінен айыру - орны толмас қателік" деді Пан Ги Мун.

БҰҰ есебінше, өлім жазасының 89 пайызы Иран, Пәкістан және Сауд Арабиясына тиесілі.

Қазақстан 2004 жылы өлім жазасына мораторий жариялаған.

XS
SM
MD
LG