Accessibility links

Слекишинаның шағымы бойынша күдіктіге айып тағылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматы қаласы прокуратурасының хабарлауынша, "сотталушы Наталья Слекишинаға қысым көрсетті" деп күдікке ілінген Алматы тергеу изоляторының бұрынғы қызметкері Руслан Хакимовке айыптар тағылды.

37 жастағы Хакимовке "қызметін асыра пайдалану, адам зорлау және физикалық-психикалық қинау" айыптары тағылған. Қазақпарат агенттігінің хабарлауынша, істі қарау 27 қыркүйекке белгіленген.

Бұған дейін Слекишина өзіне қысым көрсетіліп, тергеу кезінде айтқан сөздерін мәжбүрлі түрде өзгерткенін айтқан.

Наталья Слекишина 2015 жылы Алматыдағы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/18 түрмесінде қамауда отырғанда өзін бір топ адам зорлады деп мәлімдеген. Слекишина бұдан соң жүкті болып, қыз туғанын айтқан. Сараптама нәтижесінде дүниеге келген сәбидің әкесі осы түрме қызметкерлерінің бірі екені анықталған. Күдікті ретінде түрменің төрт қызметкері тергелген. Бұл іс бойынша түрме қызметкері, 37 жастағы Руслан Хакимов сотталып жатыр. Руслан Хакимовке "кісі зорлады", "қызметтік өкілетін асыра пайдаланды" деген айыптар тағылған. Сот тамыздың 11-інде басталып, Алматының Түрксіб аудандық сотында жабық түрде өтіп жатыр.

XS
SM
MD
LG