Accessibility links

Прокуратура: адамдар көп жиналатын орындардың қауіпсіздігі төмен


Алматыда полиция қарулы шабуыл жасады деген күдіктіні ұстап жатыр. 18 шілде 2016 жыл.

Алматыда полиция қарулы шабуыл жасады деген күдіктіні ұстап жатыр. 18 шілде 2016 жыл.

Қазақстандағы адамдар ең көп жиналатын орындардың 70 пайызы терроризмнен қорғану талаптарына сай келмейді. Бұл туралы Қазақстан бас прокурорының орынбасаты Андрей Кравченко мәлімдеді.

"Бас прокуратура Қазақстан қалаларында адамдар тобы көп жиналатын бес мыңға жуық обьект тексерілді. Олардың 74 пайызының қауіпсіздігі төмен деңгейде" деді Кравченко Астанада өтіп жатқан «Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен жолын кесудің заңнамалық және институционалдық шаралары» атты дөңгелек үстелде.

Биыл 5 маусымда Ақтөбеде 26 адам екі қару-жарақ дүкеніне шабуылдап, ұлттық гвардияның әскери бөлімін басып алуға тырысқан. Шабуыл мен атыстан ресми мәлімет бойынша 7 адам қаза тауып, 40 шақты адам жараланған. Алты күнге созылған арнайы операцияда шабуылға күдікті делінген 18 адамның көзі жойылып, бірнеше адам ұсталған.

Осы оқиғадан кейін Қазақстанда 2017 жылдың 15 қаңтарына дейін террорлық қауіптің "сары деңгейі" енгізілген.

XS
SM
MD
LG